«Шешендік сөздер және ұлттық құндылықтар» курс бағдарламасы
«Шешендік сөздер және ұлттық құндылықтар» курс бағдарламасы аясында 8 «А» сынып оқушыларымен практикалық тапсырмаларға басымдық берілген сабақтар өткізілді. Оқушылар шешендік сөздерді талдау, жағдаяттық тапсырмаларды орындау, өз ойларын дәлелдеу, пікірталасқа қатысу және шешендік қабілеттерін дамыту бағытында жұмыстар жасады. Сабақ барысында ұлттық құндылықтарды дәріптеуге, сөз мәдениеті мен сыни ойлау дағдыларын қалыптастыруға назар аударылды.