1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, 29 сәуір күні мектебімізде «Ұлттар достығы» тақырыбында іс-шара жоғары деңгейде өтті
Іс-шара барысында сыныптар жеребе арқылы бөлінген ұлттарды таныстырып, олардың мәдениеті мен өнерін сахнада көрсетті. Әр сынып ұлттық киімдерін киіп, ән айтып, би билеп, өздеріне берілген халықтың ерекшелігін жан-жақты жеткізе білді. Сонымен қатар, ұлттық тағамдарын дайындап, көрермендерге ұсынды.
Барлық сыныптар белсенді қатысып, 5–7 минуттық регламент аясында тамаша өнер көрсетті. Оқушылардың шығармашылығы мен дайындықтары ерекше әсер қалдырды ????
Іс-шара соңында арнайы қазылар алқасы әр сыныптың өнерін бағалап, барлық қатысушыларға түрлі номинациялар табыстады.
Мұндай шаралар оқушылардың достыққа, бірлікке деген құрметін арттырып, түрлі ұлттардың мәдениетін тануға үлкен мүмкіндік береді.
Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз және шығармашылық табыс тілейміз!
1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күніне орай, 29 сәуір күні мектебімізде «Ұлттар достығы» та (2)