М.Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында «Заң мен тәртіп – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негізі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, адалдық пен әділдік құндылықтарын қалыптастыру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты нығайту болды.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, өзекті мәселелерді талқылап, заң мен тәртіптің қоғамдағы маңызы туралы ой қозғады. Оқушылар белсенділік танытып, түрлі сұрақтарға жауап беріп, өз ұсыныстарын жеткізді.
Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар жас ұрпақтың бойында жауапкершілік пен азаматтық ұстанымды қалыптастыруға ықпал етеді.