Іс-шара барысында педагогтар мен тәрбиеленушілер белсенді қатысып, табиғатты қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында түрлі ойын-сауық элементтері ұсынылды.
Апталық аясында «Экологияға арналған күн» тақырыбында әңгімелесу өткізіліп, балалар табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттырды. Сонымен қатар «Табиғат туралы» ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде тәрбиеленушілер табиғат жайлы жұмбақтар шешіп, өз білімдерін толықтырды. Ал, мектепалды тобының балаларымен қызықты «Табиғат туралы не білесің?», « Мен не білемін?» ҰІӘ,ойын-сауық, сұрақ-жауаптар өтті.
Іс-шаралар балалардың танымдық қызығушылығын арттырып, экологиялық тәрбие беруде тиімді болды.
