Бұл күні балалардың экологиялық білімдерін ойын арқылы дамытуға ерекше көңіл бөлінді.
Күн барысында түрлі дидактикалық ойындар ұйымдастырылды. «Ғажайып қапшық» ойынында балалар табиғатқа қатысты заттарды сипап тану арқылы олардың қасиеттерін анықтады. «Кім не жеді?» ойыны арқылы жануарлардың қоректену ерекшеліктерімен танысты.
«Кімнің үйі?» дидактикалық ойыны балаларға жануарлардың мекен ету ортасын ажыратуға көмектесті. Сонымен қатар, «Алдымен не? Кейін не?» ойыны арқылы табиғаттағы құбылыстардың реттілігін түсініп, экологиялық тізбек туралы білімдерін кеңейтті.
«Жер шарын сақтайық» ойыны барысында балалар қоршаған ортаны қорғау жолдарын талқылап, өз ойларын ортаға салды. Ал «Табиғаттағы мінез-құлық ережелері» тақырыбында балалар табиғат аясында өзін дұрыс ұстау мәдениетін үйренді.
Күн соңында табиғи ресурстарды үнемдеу туралы әңгіме жүргізіліп, балаларға суды, жарықты және басқа да ресурстарды үнемдеудің маңызы түсіндірілді.
Апталықтың үшінші күні танымдық әрі қызықты өтті. Балалар ойын арқылы жаңа білім алып, табиғатқа деген жауапкершілік сезімдерін арттырды.