Тәрбие сағатының мақсаты – оқушыларға ғарышкерлер туралы түсінік беру, олардың ерлігі мен еңбегін дәріптеу, отансүйгіштікке баулу.
Сабақ көңілді амандасудан басталып, оқушылар пазл құрастыру арқылы тәрбие сағатының тақырыбын өздері ашты. Қазақтың ғарышкерлері туралы білетін мәліметтерімен бөлісіп, өз ойларын еркін жеткізді.
Сонымен қатар, оқушылар жұппен жұмыс жасап, суреттерді бояу арқылы шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Тәрбие сағаты өте қызықты, мазмұнды әрі әсерлі өтті. Балалар белсенділік танытып, жақсы көңіл-күйде болды