13.04.2026 күні 10-сынып оқушыларында «Мамандық таңдау – маңызды шешім» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.
Сабақтың мақсаты – оқушыларға болашақ мамандықты саналы түрде таңдаудың маңыздылығын түсіндіру, өз қызығушылықтары мен қабілеттерін анықтауға бағыт беру болды.
Сабақ барысында оқушылар өздерінің болашақта таңдағылары келетін мамандықтары туралы ойларын ақ параққа жазып, сыныптастарымен бөлісті. Бұл кезеңде әр оқушы өз арманы мен мақсатын ашық айтып, пікір алмасуға мүмкіндік алды.
Сонымен қатар, «Құпия мамандық» атты қызықты ойын ұйымдастырылды. Ойын ережесі бойынша ортаға шыққан оқушы жасырылған мамандықты бейнелейді және қалған оқушылардың сұрақтарына тек «иә» немесе «жоқ» деп жауап береді. Қалған оқушылар қойылған сұрақтар арқылы мамандықты табуға тырысты. Бұл ойын оқушылардың логикалық ойлауын дамытып, түрлі мамандықтар туралы білімдерін кеңейтті.
Сабақ соңында оқушылар мамандық таңдауда жауапкершілікпен қарау қажеттігін түсініп, өз болашақтарына мақсат қоя білді✅