back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
12 сәуір — Ғарышкерлер күніне орай 5-сынып оқушыларымен бірге «Байқоңырдан басталған сапар» атты ерекше сынып сағаты
13-04-2026 15:25
12 сәуір — Ғарышкерлер күніне орай 5-сынып оқушыларымен бірге «Байқоңырдан басталған сапар» атты ерекше сынып сағаты

Бүгін 13.04.2026 ж. М.Жұмабаев атындағы ЖББ мектеп-гимназиясында 12 сәуір — Ғарышкерлер күніне орай 5-сынып оқушыларымен бірге «Байқоңырдан басталған сапар» атты ерекше сынып сағатын өтті ????️
Мақсатымыз — оқушыларға адамзаттың ғарышты бағындыру тарихын таныту және қазақ топырағынан ұшқан батыр ағаларымыздың ерлігін үлгі ету.
Сынып сағаты барысында:
Оқушылар «Сатурн», «Меркурий» және «Юпитер» топтарына бөлініп, нағыз «жұлдызды жарысқа» түсті.
«Ғарыш кемесі» пазлын жинап, зымырандардың құрылымымен танысты.
«БАЙҚОҢЫР» сөзжұмбағын шешіп, ғарыш әлемі туралы білімдерін шыңдады.
Рефлексия кезеңінде әр оқушы өз арманын «Зымыранға» жүктеп, болашаққа мақсат қойды. ????
Қазақ жерінде орналасқан әлемдегі тұңғыш әрі ең ірі ғарыш айлағы — Байқоңыр біздің мақтанышымыз! Ертеңгі күні осы оқушылардың арасынан да ғылым мен техниканы меңгерген, көк аспанды бағындыратын жас ғарышкерлер шығатынына сеніміміз мол. ????????????‍????

Новости