«Әр нәрсенің өз орны бар» тақырыбында іс-шара
«Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету мақсатында шағын орталық тәрбиеленушілерімен «Әр нәрсенің өз орны бар» тақырыбында іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – балаларды тазалыққа, ұқыптылыққа және тәртіпті сақтауға тәрбиелеу. Шара барысында балаларға заттарды өз орнына қоюдың маңыздылығы түсіндіріліп, практикалық ойындар арқылы дағдылары қалыптастырылды.