Нұра ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне арналған «Дошкола PRO – табыс формуласы» атты кәсіби олимпиадада біздің мектеп педагогтары жоғары нәтиже көрсетті.
Байқау барысында қатысушылар өздерінің кәсіби шеберліктерін, шығармашылық қабілеттерін және заманауи білім беру әдістерін тиімді қолдана білетіндіктерін дәлелдеді.
Нәтижесінде, біздің педагогтар «PRO тәрбиешілер» тобы құрамында жүлделі ІІ орынға ие болып, дипломмен марапатталды.
Педагогтар құрамы: Даирова Динара Ғалымжанқызы,Сыздыкбаева Эльмира Жомартқызы,Шолбаева Гулнара Сүйгенбекқызы,Шорабекова Нурсулу Осербаевна.
Педагогтарымызды жетістіктерімен құттықтай отырып, алдағы уақытта да шығармашылық табыс пен кәсіби жетістіктер тілейміз!

