30 наурыз күні 6 «А» сыныбында «Кітап – рухани қазына» тақырыбында сынып сағаты өтті.
Оқушылар кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы ой бөлісіп, нақыл сөздер мен мақал-мәтелдер айтты. Әрқайсысы өз сүйікті кітаптарын таныстырып, кітап оқудың пайдасы жайлы пікірлерін ортаға салды.
Сынып сағатының басты мақсаты – оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру, рухани дамуға баулу және білімге деген құштарлығын күшейту болды ????