“Жасыл селфи” экочелленджі
Мектебімізде “Экобұрышты” жандандыру мақсатында ұйымдастырылған “Жасыл селфи” экочелленджі өз мәресіне жетті ????
Челлендж барысында оқушылар мен мұғалімдер гүл егіп, тұқым отырғызып, өсімдіктерге күтім жасап, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты. Белсенді қатысып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға атсалысқан барша қатысушыларға алғыс білдіреміз! ????
Табиғатты аялау – әрқайсымыздың міндетіміз!