Көктемнің шуақты күндерімен бірге келетін Әз Наурыз – халқымыздың ең қастерлі, ең жарқын мерекелерінің бірі. Бұл күн – табиғаттың жаңарып, тіршіліктің қайта түлейтін шағы ғана емес, адамдардың да жүрегі жылуға, үмітке толатын ерекше мезет.
Әз Наурыз – арман мен үміттің мерекесі. Әр адам бұл күні өткенге өкпе-назын қалдырып, болашаққа жаңа мақсаттар қояды. Көңілге жарық сәуле құйылып, «биылғы жыл жақсылыққа толы болады» деген сенім арта түседі. Сол себепті де Наурыз – тек табиғаттың ғана емес, адамның ішкі дүниесінің де жаңғыруы. Сол мерекемізді М.Жұмабаев атындағы ЖББМГ-ның “Балдырған “ шағын орталығы да Армысың, әз Наурыз!”тақырыбымен атап өтті. Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы қазақ халқының салт-дәстүрін көрсету және оны құрметтей білуге тәрбиелеу; Наурыз мерекесінің қазақ даласындағы орыны бөлек екенін түсіндіру.
Ертеңгілігіміз “Наурыз жыл басы” әнімен басталып, “Бес кеңей”, “Арқан тартыс”, “Домбыра” ұлттық ойындарымен жалға ты. Қыздарымыз “Пиала”, ұлдарымыз “Бәйге” биін биледі. Дастарқан жайылып, атадан бата алып, Наурыз көжеден дәм таттық. Наурыз дастарханының басында жиналған отбасы, ағайын-туыс – бірліктің, татулықтың белгісі.