М. Жұмабаев атындағы ЖББ мектеп-гимназиясында “Ұлыстың ұлы күні – Наурыз” мерекесіне орай 5-10 сыныптар арасында мерекелік іс-шара өткізілді.
Іс-шара барысында оқушылар ұлттық өнерімізді дәріптеп, ән айтып, би билеп, күй тартып, салт-дәстүрлерден көріністер көрсетті.
Сонымен қатар ұлттық ойындар ұйымдастырылып, оқушылардың белсенділігі мен қызығушылығы артты.
Мерекелік шараның басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру, салт-дәстүрімізді насихаттау және Наурыз мейрамының мән-маңызын терең түсіндіру болды.
Осындай игі шаралар арқылы ұлттық рухымыз жаңғырып, дәстүріміз дәріптеле береді.