М.Жұмабаев атындағы ЖББМГ бойынша “Наурызнама” жоспарына сәйкес “Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күніне” орай ерекше көрме ұйымдастырылды.
Көрмеде мектебіміздің оқушылары көркем еңбек пәні аясында өз қолдарымен жасаған түрлі қолөнер бұйымдарын ұсынды. Шараның негізгі мақсаты – халқымыздың бай мәдениетін, ұлттық өнерін және ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлерін дәріптеу, жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіру.
Бұл күні еліміздің түкпір-түкпірінде қазақ халқының әдет-ғұрыптары насихатталып, ұлттық мұраға деген құрмет арта түседі. Осындай тағылымды шаралар арқылы оқушыларымыз ата-бабадан қалған рухани мұраның маңызын терең түсініп, ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыруда.