8 наурыз- Халықаралық әйелдер күніне орай 6”Ә” сынып оқушыларымен «Ана – өмірдің шуағы» атты тәрбие сағаты өткізілді. Шараның мақсаты – оқушылардың анаға деген құрметі мен сүйіспеншілігін арттыру, мейірімділік пен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар аналарға арналған әсерлі өлеңдер оқып, жүрекжарды тілектерін білдірді. Сонымен қатар мерекеге арналған әсем әндер орындалып, жылы лебіздерін арнады. Іс-шара барысында аналармен оқушылар арасында жылы атмосфера қалыптасып, барша қатысушыларға көтеріңкі көңіл сыйлады.



