“Кітаптар сөйлейді” сұрақ-жауап ойыны
Мағжан Жұмабаев атындағы ЖББ мектеп-гимназиясында өтіп жатқан “Заманауи білім: адал азамат және кітап оқу мәдениеті” оқу сауаттылығы апталығы аясында 7 «Ә» сынып оқушыларымен “Кітаптар сөйлейді” сұрақ-жауап ойыны өткізілді.
Оқушылар кітап атаулары бойынша сұрақтарға жауап беріп, белсенділік танытып, өз білімдерін көрсетті. Іс-шара оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға бағытталды. ????
