Мағжан Жұмабаев атындағы ЖББ мектеп -гимназиясында өтіп жатқан “Заманауи білім: адал азамат және кітап оқу мәдениет” оқу сауаттылығы апталығы аясында 8-сынып оқушылары «Тірек сөздер хикаясы» тақырыбында Эссе -хикая құрастыра білді.
Мақсаты: Оқушылардың сөздік қорын байыту, логикалық ойлауын ұштау және қиялына қанат бітіру.Оқушыларымыз осы сөздердің басын біріктіріп, терең мағыналы, тұтас бір оқиға құрастырып шықты.
Бұл әдіс оқушыларға стандартты емес ойлауды үйретеді. Сөздердің арасындағы байланысты табу арқылы олар тілдік нормаларды меңгеріп қана қоймай, өзекті әлеуметтік мәселелерге де өз көзқарастарын білдіре алды.

