М.Жұмабаев атындағы ЖББ мектеп-гимназиясының 9 “А” сынып оқушыларымен «Алғыс – ізгі ниет» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты – оқушыларға алғыс айту мен ризашылық білдірудің маңыздылығын түсіндіру, жақсы қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ құрмет, ізгілік, мейірімділік сияқты адами құндылықтарды дамыту болды.
Тәрбие сағаты соңында оқушылар бір-біріне және ұстаздарына алғыс айтып, жылы лебіздерін білдірді. Іс-шара жас ұрпақтың бойында ізгілік пен сыйластық қасиеттерін нығайтуға бағытталды.


