back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
«Балдырған» шағын орталығының ұйымдастыруымен «Құзыреттілік өсу нүктесі: тиімді тәжірибелер» тақырыбында шеберлік сынып
16-03-2026 11:15
 «Балдырған» шағын орталығының ұйымдастыруымен «Құзыреттілік өсу нүктесі: тиімді тәжірибелер» тақырыбында шеберлік сынып

2026 жылғы 24 ақпанда Мағжан Жұмабаев атындағы ЖББ мектеп-гимназиясы жанындағы «Балдырған» шағын орталығының ұйымдастыруымен «Құзыреттілік өсу нүктесі: тиімді тәжірибелер» тақырыбында шеберлік сынып өткізілді. Іс-шараның мақсаты – педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, тиімді әдіс-тәсілдермен тәжірибе алмасу және заманауи білім беру технологияларын насихаттау.

Шеберлік сынып барысында түрлі форматтағы жұмыстар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, «Күн шуағы» психологиялық тренингі арқылы қатысушыларға жағымды ахуал қалыптастырылды. Storytelling және ойын технологиялары негізінде «Бауырсақ» ертегісі арқылы балалардың сөйлеу дағдыларын дамыту жолдары көрсетілді. Сонымен қатар «Пружина» театры, музыка әлеміне саяхат, ұлттық және дамытушы ойындар арқылы мектепке дейінгі ұйымдарда қолданылатын тиімді әдістер тәжірибе жүзінде таныстырылды.

Іс-шара аясында педагог пен бала арасындағы сенімді қарым-қатынас орнату, балаларға психологиялық қолдау көрсету тәсілдері бойынша кеңес берілді. Шеберлік сынып рефлексия кезеңімен қорытындыланып, қатысушылар өз пікірлерімен бөлісті.

Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушыларға тәжірибелік тұрғыда пайдалы ақпараттар берілді. Бұл шеберлік сынып педагогтердің кәсіби дамуына серпін беріп, өзара тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасады.

Новости