back-image
КГУ "Общеобразовательная школа имени М.Жумабаева"

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа имени М.Жумабаева"
“Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!” атты қолөнер көрмесі
15-12-2025 16:04
“Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!” атты қолөнер көрмесі
Мектебімізде Тәуелсіздік күніне арналған “Тәуелсіздік тұғыры биік болсын!” атты қолөнер көрмесі өтті. Көрмеге 7–9 сынып оқушылары өз қолдарымен жасаған ұлттық нақыштағы бұйымдар, заманауи стильде дайындалған шығармашылық жұмыстар және тәуелсіздіктің қадір-қасиетін айшықтайтын композициялар ұсынды. Әр туындыда оқушылардың елге деген сүйіспеншілігі, тарихи мұраға құрметі мен өнерге деген қызығушылығы айқын көрінді.
Іс-шараның мақсаты — оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілігін арттыру және Тәуелсіздіктің мәнін терең түсіндіру. Көрме барысында қатысушылар бір-бірінің жұмыстарымен танысып, ұлттық дәстүр мен өнердің құндылығын сезінді.
Оқушылардың еңбегі жоғары бағаланып, белсенді қатысушыларға алғыс хаттар табысталды. Көрме жылы атмосферада өтіп, Тәуелсіздік мерекесінің рухын ерекше сездірді.
Новости