“Тарих толқынында” тарихи сауаттылық апталығы аясында 9–10 сынып оқушылары мен мұғалімдердің қатысуымен “Тарих білгірі” атты интеллектуалды ойын сайысы өтті. Сайыс “Қызық екен” бағдарламасының форматында ұйымдастырылып, логикалық әрі ойландыратын сұрақтармен ерекшеленді. Қатысушылар жылдам ойлау қабілеттерін көрсетіп, тарихи деректерді логикамен ұштастыра отырып жауап берді. Ойын тартысты да көңілді түрде өтіп, оқушылар мен мұғалімдер өзара пікір алмасып, жаңа мәліметтермен бөлісті. Бұл шара қатысушылардың білімін шыңдап қана қоймай, тарихи пәнге деген қызығушылығын да арттыра түсті.


