«Кітап оқитын мектеп» жобасы
«Кітап оқитын мектеп» жобасы аясында *М.Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының* кітапханасында оқушылардың қатысуымен кітап оқу сағаты ұйымдастырылды. Шара барысында оқушылар түрлі жанрдағы әдебиеттермен танысып, сүйікті кітаптары туралы пікір алмасты. Бұл басқосу оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, оқырмандық мәдениетті қалыптастыруға оң әсер етті.


