Ауыл мектептерінің 9–11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі
Мектебіміздің үздік оқушылары ауыл мектептерінің 9–11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды!
Жеңімпаздарымыз:
1. Шалдыбаев Ернұр математика пәнінен қатысып, I орын
2. Разакова Сания орыс тілі пәнінен I орын,
3. Ахметов Рауан ағылшын тілі пәнінен II орын,
4. Макишева Ақерке химия пәнінен II орын,
5. Тасболатова Наргиза ағылшын тілі пәнінен III орын,
6. Усербаев Дидар құқық негіздері пәнінен III орын,
7. Сагитова Дина мадақтама иегері атанды.
Олар білім бәйгесінде үздік нәтижеге қол жеткізіп, мектебіміздің абыройын асқақтатты!
Ұстаздарымызға – шәкірттерін жетістікке жеткізген еңбектері үшін алғыс!
Мектеп әкімшілігіне – қолдау мен бағыт-бағдары үшін ризашылық білдіреміз!
Алдағы республикалық кезеңде де сәттілік пен жеңіс тілейміз!
Мектебіміздің мәртебесі биіктей берсін!
@oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@obb_qaragandy
@umckrg