“Буллингтен қорған!” және “ДосболLike

5 қыркүйек күні М.Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында 9 “А” сынып оқушыларымен “Буллингтен қорған!” және “ДосболLike” жобалары аясында сынып сағаты өткізілді.
Сынып сағатының мақсаты – оқушыларға буллингтің (қорлау, мазақ ету, қысым көрсету) түрлері мен салдары туралы түсінік беру, сондай-ақ бір-біріне құрметпен қарау, достық қарым-қатынасты нығайту, бірлік пен сенімді орта қалыптастыру болды.
Іс-шара барысында оқушылар тақырыпқа қатысты видеороликтер көріп, пікір алмасып, жағдаяттық тапсырмалар мен тренингтерге белсенді қатысты.