«Virtual tour to Britain»

Қазақстан халқы тілдер мерекесінің онкүндігі барысында «Virtual tour to Britain» атты танымдық саяхат
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында Қазақстан халқы тілдері мерекесі аясында 5 "Ә" сынып оқушыларымен ағылшын тілі пәнінен «Virtual tour to Britain» атты виртуалды саяхат өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты — оқушыларды Ұлыбританияның географиялық орналасуы, мәдениеті мен тарихымен таныстыру, шет елге деген танымдық қызығушылығын арттыру және әлемдік мәдениеттерге құрметпен қарауға тәрбиелеу.
Саяхат барысында оқушылар Лондон қаласындағы әйгілі тарихи орындармен, дәстүрлермен танысып, интерактивті тапсырмалар арқылы білімдерін бекітті. Мұндай танымдық іс-шаралар оқушылардың тіл үйренуге деген ынтасын арттырып, олардың мәдени көкжиегін кеңейтуге жол ашады.
Пән мұғалімі: Қалиева Қ.Е.