"1001 мақал"

5"А" сынып оқушыларының қатысуымен "1001 мақал" танымдық айдары өтті
Қазақстан халқы тілдері мерекесі қарсаңында Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында оқушылардың ана тіліне деген қызығушылығын арттыру, сөз байлығын молайту, халықтық тәрбиеге баулу мақсатында "1001 мақал" атты танымдық айдар ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында оқушылар мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріп, оны өмірмен байланыстыра отырып талдады. Қазақ халқының даналығын, ұлттық тәрбие мен өмірлік ұстанымдарды қамтитын бұл ауыз әдебиеті үлгілері арқылы балалардың ойлау қабілеті, тіл байлығы мен логикалық ойлау жүйесі дамыды.
Бұл іс-шара – ана тілімізге деген сүйіспеншілікті оятумен қатар, ұлттық құндылықтарымызды насихаттаудың тиімді жолдарының бірі болды.