back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында «Жас сақшы» полицей сыныбының ашылу салтанаты өтті.
28-04-2025 16:11
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында «Жас сақшы» полицей сыныбының ашылу салтанаты өтті.
2025 жылдың 25 сәуірінде Қарағанды облысының полиция департаменті мен облыстық білім басқармасының өзара ынтымақтастық туралы меморандум аясында Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясында «Жас сақшы» полицей сыныбының ашылу салтанаты өтті. Ұлы жеңістің 80 жылдық мерейтойы қарасаңында «Жас сақшы» сыныбының ашылуы - жастарды тәрбиелеуге, оларды еліміздің құқық қорғау органдарының жұмысымен таныстыруға бағытталған маңызды қадамдардың бірі болмақ. Бұл бастама жасөспірімдерге ерлік пен батырлықтың мәнін, рух пен жігердің маңыздылығын түсіндіріп, олардың жоғары жауапкершілікті сезінуіне септігін тигізуді мақсат етеді. «Жас сақшы» сыныбының алғашқы құрамына мектебіміздің 7-сынып оқушылары толық қабылданды.
Ашылу салтанатына арнайы Қарағанды облысының Полиция департаменті тәрбие және кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары полиция полковнигі Дильмағамбетов Ғабит Қожахметұлы келіп, «Жас сақшы» сыныбын ашу іс-шарасына көмегін тигізген тұлғалар: «Жараспай» жауапкершілігі шектеулі серіктестік басшысы Қоңырбаев Сейілхан Оспанбайұлы, «Қайнар» жауапкершілігі шектеулі серіктестік басшысы Нығметов Сейтжапар Алшынбекұлын «Нұра-Астық» жауапкершілігі шектеулі серіктестік басшысы Абилев Қайрат Букпинич,
Нұра ауданының білім бөлімінің басшысы Такишев Дархан Жанболатұлын, Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектеп-гимназиясының директоры Елтай Жанарыс Саятұлын облыстың Полиция Департаменті басшысының атынан «Алғыс хаттармен» марапаттады.
Сонымен қатар, қызмет барысында ерлікпен қаза тапқан полиция капитаны Абильдин Хамидулла есімімен аталатын алғашқы әскери дайындық кабинеті (АӘД) ашылды. Ашылу салтанатына Абильдин Хамидулла атамыздың ұрпағы Ақлия Хамидуллақызы келіп, рақметін айтып,жылы лебізін білдірді. Бұл кабинет балаларға әскери істің негіздерін түсінетін, тәртіп пен жауапкершілікті үйренетін, сондай-ақ қоғамымыздың қауіпсіздігі үшін өз өмірін қиғандардың ерліктерін есте сақтайтын орынға айналады.
“Жас сақшы” сыныбын ашу - бұл жай ғана батыл эксперимент емес, бұл уақыттың қиындықтарына, қоғамның сауатты, адал қызметкерлерге деген қажеттілігіне жауап. Бұл сыныпта оқыту полицияда қызмет етуді армандайтын көптеген балалар үшін тамаша бастама болатынына сенімдіміз.
Новости