back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
“Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық-зияткерлік дағдыларын қалыптастыруда дамытушы ортаны қолдану” жас педагогтерге арналған облыстық семинар-практикум
25-04-2025 16:07
“Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық-зияткерлік дағдыларын қалыптастыруда дамытушы ортаны қолдану” жас педагогтерге арналған облыстық семинар-практикум
Сәуір айының он бірінші жұлдызында “Балбөбек” бөбекжайында “Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық-зияткерлік дағдыларын қалыптастыруда дамытушы ортаны қолдану” жас педагогтерге арналған облыстық семинар-практикум өтті.
Аталған семинарда біздің мектебіміздің мектепалды сынып тәрбиешісі Сыздыкбаева Э.Ж. “Қазақтың ұлттық ойыны - Бес кеней” тақырыбында өз тәжірибесімен бөлісті. Мақсаты: ұлттық ойындарды дәріптеу, балалардың танымдық-зияткерлік дағдыларды дамыту әдісімен бөлісу. Педагог ойын алаңына тәрбиешілерді шақырып, ойын ережесімен таныстырды. Ойын қызықты әрі нәтижелі өтті. Ойын соңында әр қатысушыға естелік ретінде киіз үй мүсіншесі таратылды.
Семинар барысында жас мамандарға балалардың танымдық-зияткерлік дағдыларын дамытудағы заманауи әдіс-тәсілдер ұсынылды.
Новости