"Жұмысшы мамандықтар жылы"

Елімізде 2025 жыл "Жұмысшы мамандықтар жылы" деп жарияланған болатын. Бұл бастама жұмысшы мамандықтарының маңыздылығын арттыруға, жастарды осы салаға тартуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадрларды даярлауға бағытталған. Осы мақсатта ағымдағы жылдың 7-наурызында М.Жұмабаев атындағы ЖББМГ 9-сынып оқушылары "ҚАРАТАЛ" мекемесінен келген жүргізуші мамандығының иесі Әбенов Саян Ерғазыұлымен кездесті. Кездесу барысында қонағымыз өз мамандығының қыр-сырын айтып, оқушылардың сұрақтарына жауап берді.
Жұмысшы мамандығы – тек тұрақты табыс көзі ғана емес, сонымен қатар қоғамға пайда әкелетін, құрметке лайық сала. Егер сен өз қолыңмен нақты нәтиже көрсетіп, өміріңе берік негіз қалағың келсе, бұл кәсіпті таңдаудан қорықпа!
Еңбек еткен – мұратына жетеді!