
21-ші ақпан күні орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Б.Н.Усабаеваның 11 "А"сыныбында "А.П.Чехов.Пьеса "Вишневый сад " тақырыбында өткізген ашық сабағында, мұғалім "Оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлау " технологияларының элементтерін тиімді пайдаланды. Сабақ оқу мақсатына сай жоспарланып, оқушыларды пьесаға қызықтыра білді. Тапсырмалар бір-бірімен байланысып жүйелі қорытындыланып отырды. Құрмалас сөйлемді ажырату арқылы оқушыларды сауатты таза, көркем жазуға, мәдениетті сөйлей білуге жетеледі. Сабақ соңында әр оқушының жетістік баспалдағы анықталды. Мұғалім сабаққа қойған мақсатына жетті.