«Әлемді зорлық-зомбылықсыз құру жолдары»
8-9 сынып оқушыларының арасында «Әлемді зорлық-зомбылықсыз құру жолдары» тақырыбында эссе байқауы ұйымдастырылды.
Аудандық білім бөлімінің тәрбие жоспары негізінде "Қатыгездік пен зорлық-зомбылықсыз балалық шақ" науқанына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес мектептің 8-9 сынып оқушыларының арасында «Әлемді зорлық-зомбылықсыз құру жолдары» тақырыбында «Зорлық-зомбылық» деген ұғымға өз көзқарастарын білдіртіп, дүниетанымын кеңейтіп, мейірімділік, адалдыққа, әділдікке үйрету мақсатында эссе байқауы ұйымдастырылды. Танымға толы эссе жұмысын ұсынған талапкерлер ынталандырушы мадақтамалармен марапатталды.
Әр ата-ана өнеге берсін балаға,
Тәрбиесіз шоқ жұлдызың жанама,
Адалдыққа, даналыққа үйретсең,
Жолдан таймас ар болған соң санада.
Әбіш Кекілбаевтың «Адамдар әділ болса, өмір әділ» деген қанатты сөзін ұран етіп, қатыгездік пен зорлық-зомбылықтың түбін жоюға баршамыз жең түре күресер болсақ, болашаққа нық қадам басар едік. #БІРТҰТАС_ТӘРБИЕ