back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
"Ұшқыр ой мен шешен тіл" квест ойыны
08-09-2023 08:20

Тілдер мерекесіне орайластырылған жоспарға сай, қыркүйек айының 7-і "Ұшқыр ой мен шешен тіл" квест ойыны өткізілді. Ойынға  негізгі буын баспалдағына аяқ басқан 5-сыныптар және 6-сынып оқушылары жұмылдырылды. Әр сынып дүлділдері "Білім бекетінде" білімге жолдама карталарын алып, ұсынылған бекеттерді жасырын сурет бойынша тауып, пәрменшінің тапсырмаларын орындады.  Квест - шытырман ойын. Ойын барысында қатысушылар  алдарынан кезіккен кедергілерден өту  арқылы мақсатқа жету жолындағы бағыттарды табуға деген дағдыны қалыптастыра білді. Ойын барысы өте тартысты, танымды ақпаратқа толы болды. Квест ойыны оқушыларды шабыттандырды. Ойын өз мақсатына жетті. Тілді жетік білу нәтижеге жетелейді.Қатысушыларға оқуда табыс тілейміз!

Новости