Тілдер мерекесіне орайластырылған жоспарға сай, қыркүйек айының 7-і "Ұшқыр ой мен шешен тіл" квест ойыны өткізілді. Ойынға негізгі буын баспалдағына аяқ басқан 5-сыныптар және 6-сынып оқушылары жұмылдырылды. Әр сынып дүлділдері "Білім бекетінде" білімге жолдама карталарын алып, ұсынылған бекеттерді жасырын сурет бойынша тауып, пәрменшінің тапсырмаларын орындады. Квест - шытырман ойын. Ойын барысында қатысушылар алдарынан кезіккен кедергілерден өту арқылы мақсатқа жету жолындағы бағыттарды табуға деген дағдыны қалыптастыра білді. Ойын барысы өте тартысты, танымды ақпаратқа толы болды. Квест ойыны оқушыларды шабыттандырды. Ойын өз мақсатына жетті. Тілді жетік білу нәтижеге жетелейді.Қатысушыларға оқуда табыс тілейміз!
"Ұшқыр ой мен шешен тіл" квест ойыны