back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
Имашева Асем Камзеновна
07-09-2023 08:37
Имашева Асем Камзеновна
Имашева Асем Камзеновна - Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Мағжан Жұмабаев  жалпы білім беретін  мектебінде    1993  жылдың  қыркүйек айынан бастап бастауыш сынып мұғалімі  қызметін атқарады. А. К. Имашева жас өрендерді оқыту мен тәрбиелеуде және жас мамандарды үйретуден жалықпайтын мықты мамандардың бірі.
       Асем Камзеновна ұстаздық қызмет атқарып жүрген Мағжан Жұмабаев атындағы   жалпы  білім беретін  мектебі жаңартылған білім мазмұнын апробациядан өткізу жұмыстарын атқарған  30 мектептің  қатарындағы бірден-бір мектеп.  Бұл жобаны алғаш болып жүзеге асыру ұстазға   сенім ғана емес, екі есе міндет те жүктеді. Мектептегі білім беру мазмұнын жаңарту жүйесінде білікті ұстаз ретінде  өте  маңызды рөл  атқарып,  әдістемелік  жұмыстар өткізуде. Оқушыларды өз пәніне қызықтыра біліп, тілдік және математикалық сауаттылықтарын арттыра түсті. Адамгершілігі мол, тиянақты, әр іске жауапкершілікпен қарайтын өте тәжірибелі маман.
Ауданның қоғамдық өміріне белсене қатысады. Отбасылық жағдайы – тұрмыста, үш баласы бар, немере тәрбиелеп отырған сүйікті әже.
Қазақстан Республикасының оқу-ағарту министрлігінің құрмет грамотасына ұсынылады.
Новости