back-image
Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беру мектебі
«Жас сарбаздар» сыныбының оқушылары ант қабылдауы
15-03-2023 16:37
«Жас сарбаздар» сыныбының оқушылары ант қабылдауы
2023 жылдың 15-наурыз күні Мағжан Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектебіндегі «Жас сарбаздар» сыныбының оқушылары ант қабылдады. Аталмыш шарада «Жас сарбаз» сыныбының 38 тәрбиеленушісі көпшілік алдында Қазақстан Республикасының Ата заңы мен басқа да заңдарын қатаң сақтауға, патриоттық рухты биік қойып, Отанды қорғауға, оның мүдделерінің ержүрек, әрі батыл қорғаушысы болуға уәде берді. Сонымен қатар, осы шараға арнайы келген қонақтар ант қабылдаған оқушыларға «Жас сарбаз» ұйымының тәрбиеленушісі екендігін растайтын куәлікті табыс етті.Салтанатты шарада Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы ортаға шығарылып, әнұран орындалды. Осыдан кейін жиынның ең жауапты сәті - ант қабылдау рәсімі өтіп, "Жас сарбаз" ұйымы қатарына қабылданушыларға арнайы куәліктер табысталды.
Жиын барысында сөз алған Нұра ауданының білім бөлімінің басшысы м.а. Арарат Мылтықбайұлы Есмағанбетов оқушыларды құттықтап, «Жас сарбаз» балалар мен жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы өңірде өскелең ұрпақ бойында ұлттық рухты қалыптастыру, әскери патриоттық тәрбиені жандандыру ісін мықтап қолға алып келе жатқанын баяндады. Сондай-ақ, мектеп түлегі ретінде демеушілік көмек жасаған ЖШС «Нұра-Астық»несие серіктестігі басқармасының төрағасы Кайрат Букпинич Абилев те балаларға жүрек жарды лебіздерін білдірді.
Жас өрендер мектеп қабырғасында алған машық-дағдыларын, игерген саптық амалдары мен дефилесі көпшіліктің назарына ұсынылды.
Іс-шараны ант қабылдаған шәкірттер Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимнін орындаумен бастап, «Жас сарбаз» әнұранын орындаумен аяқтады.
Новости