"Отбасы -тәрбие ұясы" ата-аналар жиналысы
Мағжан Жұмабаев атындағы ЖББ мектепте қарашаның 30-жұлдызында 5-сыныптарында "Отбасы -тәрбие ұясы" ата-аналар жиналысы өтті. Мақсаты: ата-ана бала тәрбиесіндегі қарым қатынасы туралы түсініктер беру. Жиналыс көңіл-күйді көтеру және жағымды сезім мен эмоцияны қалыптастыру мақсатында берілген смайликтер арқылы бір-бірімен сәлемдесумен басталды. Жоспар бойынша танысу тренингі "5 қадам" әдісін қолданып өзінің немесе баласының есімдерінің бас әрпінен басталатын қасиетті атап өз орындарына жайғасты. Келесі кезеңде мектеп психологымен жұмыс жалғасын тапты. Мектеп психологы А.Ж.Сулейменова сынып оқушыларының орта буынға бейімделуіне байланысты және баланың эмоционалдық жай күйін, қоғамдағы орнын анықтау мақсатында оқушылармен жүргізілген әдістемелердің қорытындысымен ата-аналарды хабардар етті. Отбасындағы тәрбиенің ерекшеліктерін егжей-тегжейлі ата-аналарға түсіндіріп берді. Жиналыста "Отбасы- тәрбие ұясы" бейне ролигі көрсетілді. Бейнероликтен соң ата -аналар өз пікірлерімен бөлісті. Ата аналар мен оқушының бір-біріне бес саусақтай бірігуіне ықпал ету мақсатында "Бес саусақ" әдісі арқылы ата-аналар бірдей сұрақтарға жауап берді. Әрбір бала индивид, жеке тұлға екендігін көрсету мақсатында әр ата-ана өз баласының көзінің суретін "Ең әдемі көздер" тренингі арқылы таба алды. Келесі кезеңде тоқсан қорытындысы айтылды. Ата-ананың бала алдындағы мектепке деген міндеттерімен танысты. Баланың үлгерімін арттыруға байланысты бірнеше кеңестер ұсынылды. Жиналысты қорытындылау барысында ата-аналарға жүрек стикерлері таратылды. Ата-аналар жиналыстан алған әсерлерін, ұсыныстарын,жылы лебіздерін жүрек стикерлеріне жазып, тақтаға жапсырып бөлісті және көңілдері көтеріліп сынып жетекшілерімен қоштасты. Сынып жетекшілері А.Ж. Назымбекова мен Н.Ж.Усербаев.