Жазғы демалыс тек көңілді емес, әрі танымды өтуі тиіс!
Жазғы демалыс тек көңілді емес, әрі танымды өтуі тиіс! Бүгін «Балбұлақ» жазғы сауықтыру лагерінің бүлдіршіндері үшін ерекше күн болды. Балалар Нұра ауданының тарихи-өлкетану музейіне экскурсияға барды.
Музей табалдырығын аттаған сәттен бастап, өткен ғасырлар мен туған өлкенің бай тарихына саяхат жасады. Көне жәдігерлер, бабаларымыз тұтынған бұйымдар және ауданымыздың қалыптасу тарихы балалардың қызығушылығын ерекше тудырды.
Экскурсия барысында балалар:
Нұра өңірінің көне тарихымен және археологиялық жәдігерлерімен танысты;
Ауданымыздың еңбек ардагерлері мен тарихи тұлғалары туралы тың ақпараттар алды;
Өлкеміздің флорасы мен фаунасынан сыр шертетін экспонаттарды тамашалады;
Өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, музей қызметкерлерінен тұшымды жауаптар алды.
Бүлдіршіндеріміз үшін бұл саяхат тек қызықты экскурсия ғана емес, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттырған нағыз рухани азық болды. Қонақжайлылық танытып, балаларға ұмытылмас әсер сыйлаған музей ұжымына алғысымыз шексіз!





