«Қазақстан: кеше, бүгін, болашақ» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
2026 жылғы 21 қазанда Ыбырай Алтынсарин атындағы тірек мектебі (ресурстық орталық) КММ-де «Қазақстан: кеше, бүгін, болашақ» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – еліміздің тарихи жолын саралау, тәуелсіз Қазақстанның жетістіктерін дәріптеу және болашақ даму бағыттары туралы пікір алмасу.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылар Қазақстанның өткен тарихына шолу жасап, халқымыздың тәуелсіздікке жету жолындағы күресі мен тарихи оқиғалардың маңызына тоқталды. Еліміздің қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан тарихи тұлғалардың еңбегі, ұлттық құндылықтар мен тарихи мұраны сақтау мәселелері талқыланды.
«Қазақстан – кеше» бөлімінде еліміздің тарихи кезеңдері, мемлекеттіліктің қалыптасуы және ата-бабаларымыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігі сөз болды. «Қазақстан – бүгін» бөлімінде тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер, білім мен ғылымның дамуы, мәдениет пен қоғамдық өмірдегі өзгерістер қарастырылды.
Ал «Қазақстан – болашақ» бөлімінде еліміздің келешегі, жас ұрпақтың қоғамдағы рөлі, сапалы білімнің маңызы және заманауи технологиялардың дамуы жөнінде пікір алмасу жүргізілді.
Қатысушылар өз ойларын ортаға салып, Қазақстанның жарқын болашағы білімді, саналы, еңбекқор және отансүйгіш жастардың қолында екенін атап өтті.
Дөңгелек үстел оқушылардың тарихи танымын кеңейтіп, өз пікірін еркін жеткізуге, өзара ой бөлісуге және туған елінің болашағына жауапкершілікпен қарауға ықпал етті.
Қорытынды: Қазақстанның өткені – тарихымыздың тағылымы, бүгіні – жетістігіміздің айғағы, ал болашағы – жас ұрпақтың қолында. Еліміздің өркендеуіне үлес қосу – әрбір азаматтың абыройлы міндеті.
#RepublicDayKazakhstan и #Республикакүні. #ҚазақстанКешеБүгінБолашақ #ДөңгелекҮстел #ТәуелсізҚазақстан ҒылымМенБілім Отансүйгіштік

