Ж.К. Букенов атындағы Қарағанды банк колледжі
20.04.26ж “Ыбырай Алтынсарин атындағы тiрек мектебі (ресурстық орталық)” КММ-де 9- сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында “Ж.К. Букенов атындағы Қарағанды банк колледжі” өкілдерімен кездесу өткізілді. Қарағанды банк колледжі — Қарағанды облысындағы экономикалық, қаржылық және техникалық бағытта сапалы білім беретін ең алдыңғы қатарлы оқу орындарының бірі. Колледж көпжылдық тарихы бар, білікті мамандар даярлауда өзіндік мектебі қалыптасқан мекеме. Шара аясында оқушыларға колледждің мамандықтар тізімі (қаржы, әлеуметтік жұмыс, қауіпсіздік және т.б.), оқуға түсу шарттары мен болашақ мансаптық мүмкіндіктер туралы жан-жақты мәлімет берілді. Кездесу қорытындысы бойынша оқушылар Ж.К. Букенов атындағы Қарағанды банк колледжі туралы негізгі деректерді, оның артықшылықтары мен материалдық базасы туралы ақпаратты алды. #адал_азамат
@bilimboliminura