Балалар әдебиеті – рухани тәрбиенің бастауы
Мектебімізде өтіп жатқан «Балалар әдебиеті – рухани тәрбиенің бастауы» атты онкүндік аясында 3-"Б" сынып оқушыларымен «Менің сүйікті кітабым және кейіпкерім» тақырыбында танымдық сабақ ұйымдастырылды.
Сабақтың басты мақсаты — жас оқырмандардың кітапқа деген сүйіспеншілігін ояту және оқу мәдениетін қалыптастыру.
Іс-шара барысында:
Оқушылар өздері оқыған қызықты кітаптармен бөлісіп, шығарманың тәрбиелік мәніне тоқталды.
Сүйікті кейіпкерлерінің ішкі әлемін қағаз бетіне түсіріп, шығармашылық көрме ұйымдастырды.
Балалар ертегі кейіпкерлерінің бойындағы адалдық, батырлық және мейірімділік қасиеттерін талқылады.
#ҚРОқуАғартуМинистрлігі; #БалаларКітапханасы; #ҰлттықКітапКүні; #РеспубликалықҒылымиПедагогикалықКітапхана; #Онкүндік; #АдалАзамат
