«Заң және тәртіп»
Бүгін «Заң және тәртіп» идеологемасын ілгерілету шеңберінде Қарағанды облысының білім басқармасы мен облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ұйымдастыруымен маңызды телекөпір өтті.
Жиынның басты мақсаты — жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық сауаттылықты арттыру.
Талқыланған негізгі тақырыптар:
*Желідегі қауіпсіздік ережелері.
*Есірткі бизнесіне тартылудың соңы — өкініш.
*Буллинг және кибербуллинг
*Психологиялық қысымның заң алдындағы жауапкершілігі.
Телекөпірдің ең әсерлі сәті — қателікке бой алдырып, қазіргі уақытта жазасын өтеп жатқан жасөспірімдердің спикер ретінде қатысуы болды. Олар өз тағдырлары арқылы құрдастарына «бір сәттік қателік бүкіл өміріңді өзгертуі мүмкін» деген қатал шындықты жеткізді.



