Мектебімізде көктемгі демалыс кезінде екі мектеп оқушылары арасында достық жарыс өтті. Жарысқа М.Жұмабаев атындағы гимназия мектебінің оқушылары келіп қатысты.
Мектебімізде көктемгі демалыс кезінде екі мектеп оқушылары арасында достық жарыс өтті. Жарысқа М.Жұмабаев атындағы гимназия мектебінің оқушылары келіп қатысты. Бұл жарыс өте қызықты әрі тартымды өтті. Оқушылар әртүрлі спорттық және зияткерлік сайыстарға қатысып, өздерінің шапшаңдықтарын, білімдерін және ұйымшылдықтарын көрсетті. Екі мектеп оқушылары бір-бірімен танысып, жақсы қарым-қатынас орнатты.
Жарыстың мақсаты – оқушылар арасында достықты нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау, командалық рухты дамыту және оқушылардың белсенділігін арттыру болды.

