back-image
"Ыбырай Алтынсарин атындағы тiрек мектебі (ресурстық орталық)" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Ыбырай Алтынсарин атындағы тiрек мектебі (ресурстық орталық)" КММ
Мектебімізде 5 «Ә» сынып оқушыларының ата-аналарына арналған жиналыс өтті. Жиналысқа 7 ата-ана қатысты.
15-01-2026 09:55
Мектебімізде 5 «Ә» сынып оқушыларының ата-аналарына арналған жиналыс өтті. Жиналысқа 7 ата-ана қатысты.
Мектебімізде 5 «Ә» сынып оқушыларының ата-аналарына арналған жиналыс өтті. Жиналысқа 7 ата-ана қатысты.
Сынып жетекшісі Ержанова А.А. жиналыс барысында бірінші жартыжылдықтың қорытындысын шығарып, оқушылардың түрлі іс-шаралардағы, олимпиадалар мен байқаулардағы жетістіктеріне тоқталды. Балалардың белсенділігі мен әрбір жетістігі — ұстаз бен ата-ананың бірлескен еңбегінің нәтижесі екені атап өтілді.
Жиналыс аясында бірнеше мазмұнды тренингтер ұйымдастырылды. Тренингтер барысында үлкен мақсаттарға ұмтылу жолында кейде көзге көрінбейтін, бірақ өте маңызды ұсақ бөлшектердің мәні ерекше екені айтылды. Олар — отбасы құндылықтары, өзара түсіністік, денсаулық, күнделікті кішкентай жеңістер.
Сондай-ақ сурет салу арқылы өткізілген қызықты тренинг ата-аналардың ерекше қызығушылығын тудырды. Бұл тапсырмада отбасы, салт-дәстүр, қонақжайлылық, ашықтық, ата-ананың баланың тағдырындағы рөлі терең мағынамен талқыланды. Жиналыс барысында фотосуреттер көрсетіліп, жылы әрі сенімді атмосфера қалыптасты.
Кездесу өзара пікір алмасуға, ой бөлісуге және ата-ана мен мектеп арасындағы байланысты нығайтуға үлкен мүмкіндік берді. Барлық қатысқан ата-аналарға белсенділігі мен қолдауы үшін алғыс білдіреміз.
 
Новости