«Құмар ойынға жүгінбе
«Құмар ойынға жүгінбе» тақырыбындағы профилактикалық әңгіме 5–11 сынып оқушылары арасында лудоманияның алдын алу, құмар ойындардың зияны туралы түсінік қалыптастыру және оқушылардың жауапты мінез-құлық дағдыларын дамыту мақсатында өткізілді. Іс-шараға Нұра ауданының ПБ қызметкерлері – полиция майоры Смаилов Еркінжан Сергалиевич, полиция майоры Бейсекеева Мөлдір Зиябекқызы және полиция аға лейтенанты Ибитанова Әдемі Тыныбекқызы қатысып, құмар ойындардың құқықтық және психологиялық салдары туралы ақпарат берді.
Мақсаты
Оқушылар арасында құмар ойындарына әуестенудің зиянды әсерлері жөнінде түсінік қалыптастыру, лудоманияның алдын алу және құқықтық жауапкершілік туралы жан-жақты ақпарат беру.
Міндеттері
Оқушыларға лудоманияның белгілері мен қауіпті салдары туралы түсіндіру;
Құмар ойындарының психологиялық және әлеуметтік зияны жөнінде ақпарат беру;
Интернеттегі жасырын құмар ойындарға тарту жолдары және олардан сақтану тәсілдерін түсіндіру;
Құқықтық нормалар мен әкімшілік/қылмыстық жауапкершілік туралы түсінік қалыптастыру;
Оқушылардың саналы таңдау жасауына ықпал ету және зиянды әдеттерден аулақ болуға бағыттау;
Полиция мен мектептің бірлескен профилактикалық жұмысы арқылы құқықбұзушылықтың алдын алу.@oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@obb_qaragandy
@umckrg #umckrg



