Мектепішілік дебат турнирі оқушылардың сыни ойлау, шешендік өнер және командалық жұмыс дағдыларын дамыту мақсатында ұйымдастырылып өткізілді.
Мектепішілік дебат турнирі оқушылардың сыни ойлау, шешендік өнер және командалық жұмыс дағдыларын дамыту мақсатында ұйымдастырылып өткізілді. Турнирге әр сыныптан құрылған дебат командалары қатысып, түрлі өзекті тақырыптар бойынша ой-пікірлерін дәлелді түрде қорғады.
Шара барысында оқушылар логикалық тұжырым жасау, қарсы тараптың аргументтеріне жауап беру, өз позициясын нанымды жеткізу сияқты маңызды дағдыларын көрсетіп, пікірталас мәдениетін дамытуға мүмкіндік алды. Турнир мектептің білім беру ортасында еркін ой алмасу алаңын қалыптастырып, оқушылардың қоғамдық белсенділігін арттыруға ықпал етті.@oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@obb_qaragandy
@umckrg #umckrg






