Еңбегі адал – жас өрен
«Еңбегі адал – жас өрен» тақырыбындағы шығармашылық жұмыс қазақтың киіз басу өнерін оқушылармен бірге үйрену мен дамытуға бағытталған. Киіз басу – халқымыздың дәстүрлі мәдениетінің ажырамас бөлігі, ұлттық құндылықтарды ұрпақтан-ұрпаққа жеткізудің бірегей жолы. Бұл жобаның мақсаты – оқушыларға қолөнердің осы түрін үйрету арқылы еңбекқорлық, төзімділік, шығармашылық қабілет және ұлттық өнерге құрмет сезімін қалыптастыру.
Оқушылар шығармашылық жұмыс барысында киіз басу технологиясын (шүйке тарту, ширату,үлгі жасау) меңгерді. Тек қолөнермен шектелмей, экологиялық таза материалдарды пайдалануға, ұжымдық ынтымақтастыққа және эстетикалық талғамды дамытуға ықпал етті. Оқушылардың өз қолдарымен жасаған өнімдері (текемет, сырмақ немесе кішігірім киіз бұйымдар) мектептегі көрмелерде немесе ұлттық мерекелерде таныстырылады.
Бұл шығармашылық жұмыс оқушылардың дәстүрлі мәдениетке деген қызығушылығын оятып, олардың бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды арттыруға ықпал етеді. Ұлттық өнерді сақтау арқылы жаңа ұрпақты тәрбиелеу – киіз басу өнерінің өзектілігін тағы да дәлелдейді.