Қазақ әдебиеті мен мәдениетінің дара тұлғасы, жазушы, драматург, ғалым және ағартушы Жүсіпбек Аймауытовтың
135 жылдығына арналған іс-шара
2024 жылдың 11 желтоқсанында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Жүсіпбек Аймауытов және этнопедагогика» тақырыбында Бұқар жырау ауданы «Үштөбе тірек мектебі (ресурстық орталық)» КММ-де директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, қазақ тілі, тарих пәндері мұғалімдері үшін облыстық семинар өтті. Бұл шара ұлы тұлғаның мұрасын жаңаша ұғынып, оның шығармашылық әлемін тереңірек зерттеуге, әрі өскелең ұрпаққа жеткізуге бағытталған ерекше мүмкіндік болды.
Семинардың мақсаты - Жүсіпбек Аймауытовтың шығармашылық мұрасы негізінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасына сәйкес этнопедагогикалық құндылықтарды қолдану үрдісін дәріптеу. Семинар барысында өткен кіріктірілген сыныптан тыс іс-шаралар, шеберлік сағаттарда Жүсіпбек Аймауытовтың өмір жолы, тариха тұлғасы, шығармашылығы негізінде ЖИ-мен жұмыс істеу, шығармаларындағы топонимикалық атаулар, ұлттық психология ерекшеліктері, ұлттық тәрбие көріністері, тарихи шындық, қыз бала болмысы, этнопедагогикалық көріністер, ұлттық реалиялардың маңызы қарастырылып, «Алаш арыстарын» ұлықтау - Тәуелсіздікке тағзым» портреттер көрмесі әдебиет пен өнермен ұштастырылды.
Семинар «Жалын ғұмыр – Жүсіпбек» тақырыбында әдеби-сазды қойылыммен қорытындыланды.
Қатысушылар бұл семинардың жоғары деңгейде өткенін, мазмұнды да пайдалы болғанын атап өтті.
Видеоролик посвященный мероприятию №1
.