back-image
"Үштөбе тірек мектебі (Ресурстық орталық)" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Үштөбе тірек мектебі (Ресурстық орталық)" КММ

Мемлекеттік қызметтер

Дәреже: Государственные услуги

10-шы сыныпқа қабылдау және тіркеу

Білім алушыларды 10-сыныпқа қабылдау негізгі орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжат болған кезде жүзеге асырылады. Өтініштерді қабылдау негізгі орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжат тапсырылғаннан кейін басталады. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері: Ұсынылған құжаттардың және (немесе) деректердің (ақпараттың) сенімсіздігін анықтау; Ұсынылған құжаттардың білім беру ұйымындағы оқуға қабылдаудың типтік ережелерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; Білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін сынып-жинақталым құжаттарының шамадан тыс толуы.

2022-06-09 09:53:08

Скачать

Смотреть

1-ші сыныпқа қабылдау

Бірінші сыныпқа түсетін балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірі мен 1 тамызы аралығында жүргізіледі. Білім беру ұйымдары алты жастағы балаларды және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды қамтамасыз етеді Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздері: Ұсынылған құжаттардың және (немесе) деректердің (ақпараттың) сенімсіздігін анықтау; Ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы № 546 бұйрығымен бекітілген Білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; Сынып-жинақталымының шамадан тыс толуы.

2022-06-09 09:43:58

Скачать

Смотреть

Тегін және жеңілдетілген бағамен тамақтану.

Тегін және жеңілдетілген бағамен тамақтану.Бұл мемлекеттік қызмет жалпы білім беретін мектептердің оқушылары мен оқушыларының жекелеген санаттарына көрсетіледі. Отбасыларға беріледі: Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алу құқығына ие болғандарға; Төтенше жағдайлар нәтижесінде шұғыл көмек талап ететіндерді немесе білім беру ұйымының алқалы басқару органымен анықтайтындарды; Жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінен төмен адамдарда; Отбасында тұратын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығысыз қалған балаларға.

2022-06-09 09:35:51

Скачать

Смотреть

Новости