back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Бұқар жырау ауданының білім бөлімі "Жүсіпбек Аймауытұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Бұқар жырау ауданының білім бөлімі "Жүсіпбек Аймауытұлы атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
Мектебіміз жаңа оқу жылын бастауға дайын
11-08-2022 10:12
Мектебіміз жаңа оқу жылын бастауға дайын

   2021 жылдан Жүсіпбек Аймауытұлы атын иеленген мектептің іргетасы қаланғанына 60 жылдан асты. Осыншама уақыт өткенде мектептің ескірмесе, жаңармасы анық. Бірақ сол мектептің бүгінгі оқушыға жайлы, іші-сыртының көрікті болуы, біріншіден, мектеп қызметкерлерінің, ауыл тұрғындарының жанашырлығына байланысты екенін несіне жасырамыз?

 2021-2022 оқу жылы аяқталысымен мектептегі ер мұғалімдер мен жұмыскер азаматтар үлкен мектептің сыртын жөндеуге кірісті. Бұл жұмысты істеу барысында қажетті дүниелерді аудан білім бөлімінен және спонсор  қаражат шығарысып, жұмысты толығымен аяқтауға мүмкіндік туғызды.

   Күрделі жөндеу жұмыстарының тағы бірі – спорт залының едені еді. Бұл жұмыс та ойдағыдай атқарылып, жаңа баскетбол себеті, турник орнатылды. Осындай жаңарту жұмыстарының жүргізілуі спорт залының мүлдем жаңа кейіпке енгенін бірден аңғартады.

   Мектеп екі ғимараттан тұрады. Мұндағы барлық кабинеттерге ақтау, сырлау жұмысы толық жасалды.

   Жоғары сынып оқушылары оқитын ғимараттың астыңғы қабатының терезелеріне мектеп бітіргендеріне 10 жыл болған түлектер жалюздер сыйға тартты. Бұл да мектептің кіре беріс дәлізін ажарландырып тұр.

   Бастауыш сынып оқушылары оқитын екінші ғимаратта биылғы оқу жылынан бастап балабақша жұмысы толық күнмен жұмыс істейтін болады. Соған байланысты мұнда да біраз жұмыстар жүргізілу үстінде.

   Ауыл оқушыларына деген құрметі үшін  мектеп басшысы ретінде Аудандық білім басшысына, ауыл әкімдігіне, завхозға, спонсор болған ер азаматқа және мектеп ұжымына алғысымды білдіремін!

   Жаңа оқу жылының басталарына әлі жиырма күн бар. Осы уақыт аралығында да қолымыздан келгенше, ақылдасып біраз жұмыстарды істеудің мүмкіндігін қарастырмақпыз.

   Жалпы алғанда, мектебіміз жаңа оқу жылын бастауға дайын.

 

                                                «Жүсіпбек Аймауытұлы атындағы ЖББМ» КММ  

                                         директоры:  Рысбаева К.В. 

  

    

Новости